Пилотқа

WhatsApp

WhatsApp-тың ішіндегі таск-менеджер

Қызметкерлер қосымша орнатпайды, интерфейс үйренбейді. Олар Шаркоға бір-біріне жазғандай жазады: мәтінмен, дауыспен, фотомен.

Неге WhatsApp

Өйткені ол онсыз да ашық тұр

Ол бәрінде бар

Ешкімді тағы бір қосымша орнатуға, құпиясөзін есіне түсіруге көндірудің қажеті жоқ.

Дауыстық хабарламалар

Жол-жөнекей жеті секундта айтылған тапсырма. Шарко оны мәтінге түсіріп, тапсырма етіп өзі рәсімдейді.

Жұмыс топтары

Олар сізде онсыз да бар. Шарко сонда қосылып, әңгіме арасындағы тапсырмаларды қағып алады.

Жеткізілді және оқылды

Тапсырманың адамға жеткен-жетпегені көрініп тұрады. «Мен көрген жоқпын» деген енді жауап емес.

Қосылу

Төрт қадам, бір күн

  1. Бөлек нөмір

    Шаркоға жеке нөмір ашыңыз. Клиенттер жазатын нөмір болмасын.

  2. Қосу

    Нөмірді Sharko-ға байланыстырасыз — бұған бірнеше минут кетеді.

  3. Қызметкерлер

    Әрқайсысы Шарконың нөмірін сақтап, оған «сәлем» деп жазады. Ол өзін таныстырып, келісім сұрайды.

  4. Топтар

    Шарконы әдетте тапсырма берілетін жұмыс чаттарына қосыңыз.

Бөлек нөмір

Неге компанияның негізгі нөмірі емес

Негізгі нөмірде клиенттермен хат алмасу жүреді. Тапсырмаға арналған көмекшіге ол керек емес, ал оның тағы бір сервис арқылы өткені сізге де керек емес.

Бөлек нөмір қызметкерлерге де түсініктірек: Шарконың өз аты, өз аватары бар, оны сату бөлімімен шатастырмайсыз.

WhatsApp туралы ашығын айтсақ

Sharko — тәуелсіз сервис, WhatsApp өнімі емес, сондықтан бұл арнаға кепілдік бермейміз. Нөмір бұғатталса, тапсырмалар мен тарих ешқайда жоғалмайды: олар Шаркода сақталады. Басқа нөмір қосасыз немесе Telegram-да жалғастырасыз — жұмыс әрі қарай жүре береді.

Сұрақтар

WhatsApp туралы не сұрайды

WhatsApp Business керек пе?

Жоқ, бөлек нөмірдегі кәдімгі WhatsApp жарайды.

Шарко қызметкерлерге бірінші болып жаза ма?

Иә — оларға тапсырма берілгенде немесе мерзім жақындағанда. Бірақ алдымен әр қызметкер оған өзі жазып, келісімін береді: сонда Шарко нөмірдің дұрыс екенін және адамның онымен жұмыс істеуге дайын екенін біледі.

Ол менің жеке чаттарымды оқи ма?

Жоқ. Бөлек нөмірде тек Шаркомен жазысқан хаттар мен өзіңіз оны қосқан топтар ғана бар.

Қызметкерде WhatsApp болмаса ше?

Ол Шаркомен Telegram-да жұмыс істей алады. Тапсырмалар ортақ, арнаны әркім өзі таңдайды.

WhatsApp-ты таск-менеджерге айналдырыңыз

Алғашқы компанияларды қосып жатырмыз, нөмірді баптауға көмектесеміз.