Telegram
Telegram-дағы тапсырмалар — әріптеспен жазысқандай
Telegram-дағы Шарко — батырмалары мен командалары бар бот емес, аты мен нөмірі бар контакт. Оған кәдімгі сөзбен жазады, ол да солай жауап береді.
Не ортақ
Бір көмекші, екі мессенджер
Сол тапсырмалар
WhatsApp-та берілген тапсырма Telegram-да да көрінеді, керісінше де солай. Тарихы ортақ.
Сол Шарко
Аты, сөйлесу мәнері және ережелері бірдей. Қызметкерге қайта үйренудің қажеті жоқ.
Әркім өзі таңдайды
Бір қызметкер WhatsApp-та, екіншісі Telegram-да жұмыс істейді. Шарко әрқайсысына өзін күтіп отырған жерге жазады.
Қосалқы арна
Бір мессенджер істемей қалса
Тапсырмалар мен тарих мессенджерде емес, Шаркода сақталады. Бір арнаға бірдеңе болса, қызметкерлер екіншісінде жалғастырады, бірде-бір тапсырма жоғалмайды.
Сондықтан бүкіл команда WhatsApp-та отырса да, екі арнаны бірден қосуға кеңес береміз.
Топтар
Telegram-дағы жұмыс чаттары
Шарко топқа кәдімгі қатысушы ретінде қосылады. Өзіне жүгінгенде жауап береді, әңгімеден тапсырма қояды және талқылауды қорытындылайды.
Сұрақтар
Telegram туралы не сұрайды
Бұл бот па?
Жоқ. Бұл — компанияңыздың бөлек нөміріндегі аккаунт. Сондықтан Шарко қызметкерге бірінші болып жаза алады және топтарға кәдімгі контакт ретінде қатыса алады.
Бастау үшін қызметкерге бірдеңе басу керек пе?
Шаркоға алғашқы хабарламаны жазса жеткілікті. Ол өзін таныстырып, ЖИ-көмекші екенін айтады және келісім сұрайды.
WhatsApp-сыз, тек Telegram-ды қолдануға бола ма?
Иә. Арналар бір-біріне тәуелсіз: команда қайсысын қолданса, соны қосыңыз.
Шарконы Telegram-да қосыңыз
Алғашқы компанияларды қосып жатырмыз, арналарды сізбен бірге баптаймыз.